"Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 56 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 565 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 37 бабының 8 тармағына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 56 "Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3354 тіркелген, 2015 жылғы 16 қазанда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Жанбосыновқа жүктелсін.
      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов