Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күштері жойылды деп тану туралы

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 134 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 271 "Квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2013 жылдың 20 маусымындағы № 2740 болып тіркелген, 2013 жылдың 4 шілдедегі № 27 "Серпер" газетінде ресми жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 576 "Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 271 "Квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылдың 12 қаңтарындағы № 3427 болып тіркелген, 2016 жылдың 4 ақпандағы № 5 "Серпер" газетінде ресми жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 1 "Құрманғазы ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылдың 11 ақпанында № 3461 болып тіркелген, 2016 жылдың 10 наурыздағы № 10 "Серпер" газетіне ресми жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Баракатов