Аудан әкімдігінің күшін жою туралы

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 74 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 252 "Қызылқоға ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 175 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3407 тіркелген, аудандық "Қызылқоға" газетінде 2016 жылғы 14 қаңтарда жарияланған), аудан әкімдігінің қаулысының күші жойылсын.
      2. Осы қаулы аудандық "Қызылқоға" газетіне жариялансын.
      3. Осы қаулы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М. Абуовке жүктелсін.
      Аудан әкімі М. Мұқанов