Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-5 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қызылқоға ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және жер салығының мөлшерлемелерін

Атырау облысы Қызылқоға ауданы мәслихатының 2016 жылғы 26 ақпандағы № XXXVIII-3 шешімі

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармақшасына сай, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-5 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қызылқоға ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3388 санымен тіркелген, аудандық "Қызылқоға" газетіне 2015 жылдың 31 желтоқсанда № 52 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім аудандық "Қызылқоға" газетіне жариялансын.
      Сессия төрағасы: А. Қарабалин
      Аудандық мәслихат хатшысының
өкілеттігін уақытша атқарушы:
М. Сүлейменов