Атырау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 332 шешімі

      Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 2 бабына және "Нормативтік құқықтық актілері туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 40 бабына сәйкес, Атырау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қолданылу мерзімінің бітуіне байланысты Атырау қалалық мәслихатының кейбір шешімдері қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялансын.
      ХХХХ сессия төрағасы А. Бопылдықов
      Қалалық мәслихат хатшысының
уақытша міндетін атқарушы
Б. Рысқалиев

  Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 332 шешіміне қосымша

Қолданылу мерзімінің бітуіне байланысты Атырау қалалық мәслихатының кейбір шешімдері

      1. Атырау қалалық Мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 234 "2015 – 2017 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3097 рет санымен тіркелген, 2015 жылғы 3 ақпан "Атырау" газетінде № 12 жарияланған).
      2. Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 262 "Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 234 "2015 – 2017 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3175 рет санымен тіркелген, 2015 жылғы 25 сәуірінде "Атырау" газетінде № 45 жарияланған).
      3. Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 278 "Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 234 "2015 – 2017 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3252 рет санымен тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымда "Атырау" газетінде № 82 жарияланған).
      4. Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 292 "Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 234 "2015 – 2017 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3303 рет санымен тіркелген, 2015 жылғы 6 қазанда "Атырау" газетінде № 112 жарияланған).
      5. Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 305 Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 234 "2015 – 2017 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3377 рет санымен тіркелген, 2016 жылғы 6 қаңтардағы "Атырау" газетінде № 1 жарияланған).
      6. Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 314 Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 234 "2015 – 2017 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3416 рет санымен тіркелген, 2016 жылғы 6 қаңтардағы "Атырау" газетінде № 1 жарияланған).