"2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау және нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін белгілеу туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 491 қаулы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 285 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 1, 2-тармақтарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27-бабы 9-тармағына, "Тайынша ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 204 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау және нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін белгілеу туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 491 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 28 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 25 ақпанында № 3630 тіркелген, 2016 жылғы 22 наурыздағы № 14 "Тайынша таңы", 2016 жылғы 22 наурыздағы № 12 "Тайыншинские Вести" аудандық газеттерінде жарияланған).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Иманслям