Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 127 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабы 8 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50 бабы 2 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің қосымшаға сәйкес кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Тұралинов

  Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы №127 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "2016 жылға арналған Ақжар ауданының ұйымдарында төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы №278 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 13 қаңтарда № 3553 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 ақпандағы №7 "Акжарские вести" және №7 "Нұрлы Ел" газеттерінде жарияланған);
      2. "2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау және нысаналы топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 279 қаулысын (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 19 қаңтарда № 3568 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 ақпандағы №9 "Акжарские вести" және 2016 жылғы 8 ақпандағы №8 "Нұрлы Ел" газеттерінде жарияланған).