Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 07 желтоқсандағы № 413 "2016 жылы Айыртау ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылғанын тану туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы N 165 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау облыстық әкімиятының 2005 жылғы 14 шілдедегі № 225 "Облыстың ашық су қоймалары су қорғау аймақтарының санитарлық жай-күйі және халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2439 болып тіркелген, 2005 жылы 8 қыркүйекте "Атырау" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Ж.Баспаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев