Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбiр қаулыларының күшi жойылды деп тану туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 180 қаулысы

       "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбiр қаулыларының күшi жойылды деп танылсын.
      "Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 326 қаулысы (2010 жылғы 25 желтоқсандағы "Солтүстік Қазақстан" газеттерінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1764 болып тіркелді);
      "Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 326 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 207 қаулысы (2012 жылғы 3 тамыздағы "Солтүстік Қазақстан" газеттерінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1817 болып тіркелді).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол койылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е.Сұлтанов