"Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 3/376 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 38 бабының 4 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 2/258 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1037 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 мамырда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);
      2) "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 2/258 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 4/665 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1245 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтарда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
      3. Алматы қаласы әкімінің аппараты:
      1) осы қаулының қабылданғаны туралы және оның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарына хабарласын;
      2) бір апта мерзімде осы қаулыны ресми баспа басылымдарында және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы М. Сембековке жүктелсін.
      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 11 тамыздағы
№ 3/377 қаулысымен бекітілген

"Алматы қаласы әкімінің аппараты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы әкімінің және әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық, хаттамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      2. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарда есеп шоттары бар.
      4. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      6. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 005001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4.
      9. Толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима города Алматы".
      10. Осы Ереже "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
      12. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің фунциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      13. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы - ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп белгіленген.
      14. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 29, 38 баптарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Жарлығымен белгіленген:
      1) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету және қаланың аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың оларды орындауын бақылау;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесімен, Қазақстан Республикасы Үкіметімен, Парламентімен, қаланың өкілді органы - Алматы қаласының мәслихатымен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
      3) мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалау, оның ішінде қала әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау, мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
      4) қала әкімі белгілейтін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      15. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-2 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 38 бабына сәйкес белгіленген:
      1) Алматы қаласы әкімі мен әкімдігін ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де мәселелер бойынша қамтамасыз ету;
      2) қаладағы ішкі саяси және экономикалық ахуалды зерттеу және талдау, оның дамуын болжау, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың жұмысын талдау;
      3) атқарушылық тәртіп жағдайына талдау жүргізу және қала әкіміне хабарлау;
      4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдарының актілері мен тапсырмаларының, қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
      5) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасының шеңберінде сайлау өткізу мәселелері бойынша ұйымдастырушылық дайындықты және іс-шараларды өткізуді жүзеге асыру;
      6) әкімшілік-аумақтық құрылыс, тіршілікті қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту, көлік инфрақұрылымы, аумақтық даму мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      7) қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдауды жүзеге асыру, стратегиялқ жоспарлау, болжау және дамудың болашақ бағыттарын дайындау;
      8) әлеуметтік-мәдени саладағы қызметті үйлестіру;
      9) өзара іс-қимылды ұйымдастыру және ведомствоаралық мәселелер, оның ішінде қала аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыспен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және лаңкестіктің алдын алу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру;
      10) қала әкімінің және аудандар әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулерін өткізуін ұйымдастыру және үйлестіру;
      11) қала әкімдігінің мәжілістерін, қала әкімі мен оның орынбасарларының, қала әкімі аппараты басшылығының кеңестерін, семинарлар мен өзге де іс-шараларды жоспарлау және оларға дайындалу мен өткізуді ұйымдастыру, мәжілістердің материалдары мен хаттамаларын ресімдеу мен таратуды жүзеге асыру;
      12) Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, оның ішінде Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының қатысуымен іс-шаралар өткізу;
      13) өзінің құзыреті шегінде Алматы қаласы әкімдігінің Регламентін сақтауды қамтамасыз ету;
      14) қала әкімінің тапсырмасы бойынша қаласы әкімдігі мен әкімінің мүдделерін сотта білдіру және қорғау, прокурорлық назар аудару актілерін қарау;
      15) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
      16) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың келесі бағыттар бойынша тиімділігін бағалау:
      мемлекеттік қызметтерді көрсету;
      персоналды басқару;
      ақпараттық технологияларды қолдану;
      17) "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу, оның ішінде құпия, арнайы байланыс бойынша, хат-хабарды өңдеу, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес құпия режимін, "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына өткізу және нысан ішіндегі режимді қамтамасыз ету;
      18) жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      19) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандар әкімдері аппараттарының, атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, олардың жұмысын жетілдіру;
      20) қала әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, қала әкімдігінің және әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      21) гендерлік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      22) кадр саясатын ұйымдастыру;
      23) мемлекеттік наградалармен, қала әкімінің грамоталарымен марапаттауға ұсыну жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      24) қала әкімдігінің қаулыларының, қала әкімінің шешімдерінің және өкімдерінің жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне сараптама жүргізу;
      25) нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу, сондай-ақ норма жасау қызметін үйлестіру;
      26) қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің бұқаралық ақпарат құралдарынада жариялануын қамтамасыз ету;
      27) қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің өкімдерінің және қабылдайтын шешімдерінің жобаларын, сондай-ақ "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де жақтарының қала әкімдігінің Регламентіне сәйкестігіне сараптама жүргізу, сараптама нәтижесі бойынша қорытындылар (анқытамалар) әзірлеу;
      28) алқа билеріне кандидаттардың тізімдерін әзірлеу жұмысын ұйымдастыру;
      29) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету;
      30) қала әкімінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;
      31) "элекрондық әкімдік" жүйесін ақпараттандыру деңгейін көтеру және дамыту жұмысын ұйымдастыру;
      32) мемлекеттік органның жұмысының сапасын көтеру және өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру;
      33) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
      34) әскери басқарудың жергілікті органдарына олардың жұмысына бейбітшілік уақытында және жұмылдыру жарияланған кезде жәрдемдесу;
      35) әскери міндеттілерді брондау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      36) мемлекеттік органдарды және ұйымдарды жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру;
      37) жұмылдыру жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      38) уәкілетті органның аумақтық органымен бірлесе отырып, жергілікті масштабтағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды орындауды ұйымдастыру;
      39) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
      40) бекітілген бюджетке сәйкес жергілікті бюджеттің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде орындалуын қамтамасыз ету;
      41) іс-қағаздарын кезең-кезеңмен мемлекеттік тілде енгізу;
      42) "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қала әкімі жүктеген өзге де функциялар.
      16. Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзінің құзыреті шегінде:
      1) Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен, оның ішінде арнайы байланыс және көрсеткіштерді беру жүйесін пайдаланып, құпия және қызметтік жазбаларды жүргізу;
      2) мемлекеттік органдар әзірлеген қала әкімдігінің және әкімінің актілерінің жобалары бойынша сараптама мен қорытындыларды әзірлеуді жүзеге асыру;
      3) қала әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу;
      4) заңнамада белгіленген жағдайларда қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын оны әзірлеушілерге қайтару;
      5) мүдделі мемлекеттік органдармен нормативтік құқықтық және өзге актілердің жобаларының келісімін алуды бақылау және ол болмаған жағдайда тиісті жобаларды қала әкімдігінің Регламентіне сәйкес қайтару;
      6) қала әкімдігінің шешімін талап етпейтін мәселелер бойынша іс қағаздарын тиісті мемлекеттік органдарға жолдау және қайтару;
      7) қала әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың қала әкімдігі мен қала әкімі актілерінің жобалары бойынша, сондай-ақ қабылданған нормативтік құқықтық актілерді орындау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың келіспеушіліктерін қарау жөнінде кеңес шақыру;
      8) кеңес өткізу жағдайында, нормативтік құқықтық актілері бойынша ескертпелерді жою мақсатында оған басшының орынбасарларынан төмен емес лауазымдағы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын шақыру;
      9) қала әкімдігінің қаулыларын, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобасын сараптама жүргізу барысында аталған ескертпелерді жоюға оны әзірлеуші келісім берген жағдайда жұмыс тәртібінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуші мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, толықтыру;
      10) қала әкімінің, оның орынбасарларының және "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын тексеруді ұйымдастыру, оған қатысу және оның орындалуына бақылау жүргізу;
      11) мемлекеттік органдарда іс қағаздарын жүргізу талаптарын орындау жөнінде, оның ішінде құпия режимін қамтамасыз ету және құпия іс қағаздарын жүргізу, сондай-ақ қорғау құралдарын пайдалану және қорғалған басылым-бланкілік өнімдерін пайдалану жағдайына кешенді, тақырыптық және бақылау тексерістерін жүргізу;
      12) мемлекеттік орган басшыларының қала әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындамағаны немесе мұқият орындамағаны үшін жауапкершіліктері туралы ұсыныстар енгізу;
      13) заңнамаға сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыру.
      17. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қала әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ қала әкімінің актілеріне сәйкес құрылған комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатыса алады.
      18. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік органдарға қажетті материалдарды, мәліметтерді, сондай-ақ қала әкімдігі мен қала әкімінің актілерінің жобаларын толықтыру жөнінде берген талаптары, егер қала әкімінің, оның орынбасарларының және Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының тапсырмаларында орындалу мерзімі басқаша белгіленбесе, орындалуы тиіс.

3. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      19. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
      20. Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысын Алматы қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      22. Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы:
      1) аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
      2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      3) аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
      4) аппараттағы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
      5) аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
      8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
      9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
      10) Алматы қаласының жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
      11) Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      23. Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді.

4. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      24. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер де Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.