Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған қаулысының күші жойылған деп тану туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 138/3 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Шарбақты ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған, 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "2016 жылға Шарбақты ауданы бойынша нысаналы топтардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" № 372/12 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 4890 болып тіркелді, 2016 жылғы 27 қаңтардағы аудандық № 4 "Маралды" және "Трибуна" газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
      Аудан әкімі Б. Ыбыраев