Май аудандық мәслихатының (V сайланған LІІІ (кезектен тыс) сессиясы) 2015 жылғы 15 қыркүйектегі "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекі

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 1/58 шешімі

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Май аудандық мәслихатының (V сайланған LІІІ (кезектен тыс) сессиясы) 2015 жылғы 15 қыркүйектегі "Май аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4725 тіркелген, аудандық "Шамшырақ" газетінің 2015 жылғы 03 қазандағы № 40 жарияланған) № 2/53 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.
      Сессия төрайымы Ш. Қожаханова
      Май аудандық
      мәслихаттың хатшысы Ғ. Арынов