Аудан әкімдігінің бұрын қабылданған 2016 жылғы 14 наурыздағы № 54/2 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 109/3 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына, сәйкес Ертіс ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Аудан әкімдігінің бұрын қабылданған 2016 жылғы 14 наурыздағы "2016 жылға Ертіс ауданы тұрғындарының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" № 54/2 қаулысының (2016 жылғы 24 наурыздағы Павлодар облысы Әділет департаментінде нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 5007 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 сәуірдегі № 13 "Ертіс Нұры" және 2016 жылғы 2 сәуірдегі № 13 "Иртыш" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
      Аудан әкімі В. Дубовицкий