Железин ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 87/5 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 297 "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2581 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қаңтарда "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған);
      2015 жылғы 13 сәуірдегі № 99 "Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2717 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырда "Маңғыстау" газетінде жарияланған).
      2. Маңғыстау облысы әкімінің аппараты (А. К. Рзаханов) бір апта мерзім ішінде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жіберуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
      Облыс әкімі А. Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Ш. С. Хамиев
      "16" мамыр 2016 жыл.