Ақсу қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 мамырдағы "Қылмыстық-атқару инспекциясында пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін ж

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 22/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 40-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 мамырдағы "Қылмыстық-атқару инспекциясында пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 335/3 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3814 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 мамырдағы № 40 "Ақсу жолы" және № 40 "Новый путь" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.
      Қала әкімі Қ. Нүкенов