Ертіс аудандық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы "Ертіс аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 236-42-5 шешімнің күші жойылғаны

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 ақпандағы № 248-45-5 шешімі

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" № 152 Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Бұрын қабылданған Ертіс аудандық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы "Ертіс аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 236-42-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4849 тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсандағы "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің көшірмесі "Павлодар облысының Әділет департаменті" ММ жіберілсін.
      Сессия төрағасы Е. Кенжетаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Ж. Беспаев