Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылған деп тану туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 29/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      Павлодар облысы әкімдігінің 2010 жылғы 12 ақпандағы "Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары туралы" № 20/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3158 болып тіркелген, 2010 жылғы 25 наурызда "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған);
      Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі "Павлодар облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы" № 223/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4688 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйекте "Регион" газетінде жарияланған).
      2. "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      бір апта мерзімде осы қаулының көшірмесін аумақтық әділет органына жіберілуін;
      осы қаулының мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев