"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 37 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу т

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 тамыздағы № 358 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2017 жылғы 27 сәуірдегі бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 27.04.2017 № 78/нқ бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9781 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті туралы ережеде:

      1-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;

      8-тармақ алып тасталсын;

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау;

      4-2) мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырыстарды орналастыру туралы шешім қабылдау;";

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының есебін жүргізу;";

      23-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) ведомстволық бағынысты ұйым басшысын, оның орынбасарларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрлікпен келісу бойынша тағайындайды;".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің қол қойылған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев