Мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 368 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 24 шешімі

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидаларына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 368 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6131 тіркелген, 2016 жылы 21 қаңтарда "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы П. Лебедев
      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы К. Арыков