Қарасу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 208 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылған деп тану туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 8 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарасу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 208 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылған деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2012 жылғы 13 шілдедегі № 9-13-155 тіркелген, 2012 жылғы 29 шілдедегі "Қарасу өңірі" аудандық газетінде жарияланған).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Шәмшиев