"2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" әкімдіктің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 383 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 161 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау облыстық әкімиятының 2005 жылғы 14 шілдедегі № 225 "Облыстың ашық су қоймалары су қорғау аймақтарының санитарлық жай-күйі және халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2439 болып тіркелген, 2005 жылы 8 қыркүйекте "Атырау" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Ж.Баспаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев