Лисаков қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 43 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабына, 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      Лисаков қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 302 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4972 тіркелген, 2014 жылғы 4 қыркүйектегі "Лисаковская новь" газетінде жарияланған);
      Лисаков қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 маусымдағы № 287 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9-4-167 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 шілдедегі "Лисаковская новь" газетінде жарияланған);
      Лисаков қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 171 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-207 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 А. Исмағұлов