"Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Арқалық қала

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 208 қаулысы

      Қостанай облысы Әділет департаментінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 02-20-7088 ұсынысы негізінде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге байланысты Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арқалық қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 325 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 18 шілдесінде № 9-3-169 болып тіркелген, 2012 жылғы 27 шілдедегі "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов