Әкімдіктің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 2224 "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 662 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Рудный қаласы әлімдігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 2224 "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіті туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5250 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қаңтарда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы А.Қ. Ысқақовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов