Әкімдіктің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 268 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 474 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 cәyipдегi "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 274 "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 5239 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 наурызда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) куші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Рудный
      қаласының әкімі Б. Ғаязов