Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 107 қаулысының күшін жою туралы

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 93 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1-бабының талаптарына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 107 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 03.04.2012 жылы №10-8-170 болып тіркелген, аудандық "Тіршілік тынысы" газет баспасының 11.04.2012 жылы № 29 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Қазантаев