"Жалағаш аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бақылау Әдістемесін бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 46-10 шешімінің және "Жалағаш

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 01 ақпандағы № 51-3 шешімі

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесін бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 46-10 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5173 нөмірімен тіркелген, “Жалағаш жаршысы” газетінде 2015 жылғы 21 қазанда жарияланған);
      2) “Жалағаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №49-11 шешімінің 3-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5314 нөмірімен тіркелген, “Жалағаш жаршысы” газетінде 2016 жылғы 30 қаңтарда жарияланған).
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш аудандық Жалағаш аудандық
      мәслихатының LI сессиясының мәслихатының
      төрағасы хатшысы
      М. КУЛБОЛДИЕВ К. СУЛЕЙМЕНОВ