Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 01/01 қаулының күшін жою туралы

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 52/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес және Қарағанды облысы Әділет Департаменті басшысының орынбасары Н. Кенжебаеваның 08.04.2016 жылғы № 8/-18/1629 хатына орай, аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 01/01 қаулының күші жойылған болып танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3645 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 ақпандағы № 7 (9720) "Жаңаарқа" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 08 ақпанында жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Қожықаевқа жүктелсін.
      Аудан әкімі Ғ. Омаров