Жаңаарқа ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық актілердің күшін жою туралы

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 37/05 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес және Қарағанды облысы Әділет Департаменті басшысының орынбасары Н. Кенжебаеваның 12.04.2016 жылғы №8-3/1663 хатына орай, аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылған болып танылсын:
      1) Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы №11/01 "Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3012 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 наурызында №14-15 (9648) "Жаңаарқа" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 қарашада жарияланған) қаулысы;
      2) Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 12/01 "Жаңаарқа ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3047 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 наурыздағы №17-18 (9667-9668) "Жаңаарқа" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 қарашада жарияланған) қаулысы;
      3) Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 14/01 "Жаңаарқа ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3040 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 наурыздағы №16 (9666) "Жаңаарқа" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 қарашада жарияланған) қаулысы;
      4) Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 20/01 "Жаңаарқа ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3137 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 сәуірде №21-22 (9671-9672) "Жаңаарқа" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 қарашада жарияланған) қаулысы;
      5) Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 22/01 "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3148 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде №23 (9673) "Жаңаарқа" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 қарашада жарияланған) қаулысы;
       және Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №04/02 "Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №22/01 "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3670 номерімен тіркелді, 2016 жылғы 5 наурыздағы №11 (9724) "Жаңаарқа" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 ақпанда жарияланған) қаулысы.
      2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Қ.Қожықаев), мемлекеттік-құқықтық бөліміне (Р.Кошмагамбетова) жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылуына байланысты тиісті шаралар жүргізу тапсырылсын.
      Аудан әкімі Ғ. Омаров