Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 43/02 "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының күшін жою туралы

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 18/06 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, Абай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 43/02 "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 2016 жылғы 21 қаңтарда № 3629 тіркелген, 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 4 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      Абай ауданының әкімі С. Шайдаров