Сәтбаев қаласы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 13/87 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңы негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 03/46 "Сәтбаев қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3023 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2015 жылғы 13 ақпандағы №10 (2148) нөмірінде және 2015 жылғы 10 қыркүйектегі "Әділет" ақпаратық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылады деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары С.С. Имамбайға жүктелсін.
      Қала әкімінің
міндетін атқарушы
А.А. Ыдырысов