Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 13/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 36/01 "Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларға іріктеу ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1926 болып тіркелген, 2012 жылғы 15 қыркүйектегі № 112 (21276) "Индустриальная Караганда" және 2012 жылғы 15 қыркүйектегі № 156-157 (21363) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған);
      2) Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 40/05 "Мақта саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2727 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 157-158 (21678-21679) "Индустриальная Караганда" және 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 171-172 (21806) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      Облыс әкімі Н. Әбдібеков