"Азаматардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" облыстық мәлихаттың 2008 жылғы 04 қазандағы № 161 шешімін күшін жойды деп тану туралы"

Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының № 92 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және бейімделген емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының мәслихаты, ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Азаматардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 04 қазандағы № 161 шешімі күшін жойды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 10 қазанда № 1854 тіркелген, "Индустриальная Караганда" газетінде 2008 жылғы 14 қазанда № 128 (20674) жарияланған).
      2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың халықты әлеуметтік-мәдени дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.М. Адекенов).
      3. Шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
      Сессия төрағасы Ж. Штергер
      Облыстық мәслихат хатшысы Р. Әбдікеров