"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 442 бұйрығына өз

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 750 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 8 қарашадағы № 774 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 08.11.2018 № 774 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 442 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10914 тіркелген, 2015 жылғы 12 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Комитеттің мынадай ведомствоға бағынысты ұйымдары бар:

      1) Республикалық мемлекеттік кәсіпорын:

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қазақавтожол" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      2) Республикалық мемлекеттік мекемелер:

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Ақмолажолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Ақтөбежолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Алматыжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Атыраужолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Батысжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Жамбылжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Шығысжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қарағандыжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қызылордажолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қостанайжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Маңғыстаужолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Павлодаржолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Солтүстікжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Оңтүстікжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Астанақалалықжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Алматықалалықжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) Акционерлік қоғам:

      "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамы".".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):

      1) осы бұйрықтың көшірмелерін қағаз және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрі

Ж. Қасымбек