Байзақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 642 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жамбыл облысы Байзақ аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 267 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Байзақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Байзақ ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 642 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 2883 болып тіркелген, Байзақ аудандық "Ауыл жаңалығы-Сельская новь" газетінің 2016 жылғы 1 қаңтардағы № 1-2 нөмерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сағындық Жұмағұлұлы Кежебаевқа жүктелсін.
      Аудан әкімі М. Шүкеев