"Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2015 жылғы наурыздағы № 113 бұйрығының кү

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 13 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10588 тіркелген және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 сәуірде жарияланған) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2015 жылғы 2 наурыздағы № 113 бұйрығының күші жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы (Ә.М. Жетібаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      Төраға                                            Д. Ерғожин