Сарқан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 шілдедегі "Сарқан аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 313 қаулысының күшін жою туралы

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 190 қаулысы

      2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңының 31 және 37-баптарына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сарқан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 шілдедегі "Сарқан аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 313 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 31 шілдедегі № 3321 тіркелген, "Сарқан" аудандық газетінде 2015 жылдың 28 тамыздағы № 35 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Сарқан аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Имангазиева Панар Анварбековнаға заңмен белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулының көшірмесін Алматы облысының әділет департаментіне жіберілуі;
      2) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануы және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Маманбаев Ғалымжан Қанатовичке жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Аудан әкімі Е. Қошанбеков