Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы "Панфилов ауданының Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімдері аппараттарының Ережелерін бекіту туралы" № 915 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 468 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы "Панфилов ауданының Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімдері аппараттарының Ережелерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 30 желтоқсанында № 3668 болып тіркелген) № 915 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Садыков Аскар Джумахановичке жүктелсін.
      Аудан әкімінің уақытша
      міндетін атқарушы Ш. Курбанов