Райымбек аудандық мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы "Райымбек ауданы жерлерін аймаққа бөлу жобасы (схемасы) негізінде жер салығының базалық ставкаларын ықшамдаудың нақты мөлшерін бекіту туралы" № 34-169 шешімінің және 2015 жылғы 28 қазандағы "Райымбек а

Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2016 жылғы 05 ақпандағы № 55-286 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 7 – бабының 5 – тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Райымбек аудандық мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы "Райымбек ауданы жерлерін аймаққа бөлу жобасы (схемасы) негізінде жер салығының базалық ставкаларын ықшамдаудың нақты мөлшерін бекіту туралы" № 34-169 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2010 жылғы 1наурызда № 2-15-83 болып енгізілген, аудандық "Хантәңірі" газетінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 11 санына жарияланған) шешімінің және Райымбек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы "Райымбек ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" № 49-260 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2015 жылғы 25 қарашада № 3582 болып енгізілген, аудандық "Хантәңірі" газетінің 2015 жылғы желтоқсандағы № 47 санына жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Б.Тілемісов
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Е.Құдабаев