Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 тамыздағы "Қарасай ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 8-679 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 9-1482 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 тамыздағы "Қарасай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 02 қазанында № 3457 болып тіркелген, аудандық "Заман Жаршысы" газетінде 2015 жылдың 04 желтоқсанда № 50(8168) жарияланған) № 8-679 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Мадияр Орынтайұлы Әмірғалиевке жүктелсін.
      Аудан әкімі М. Бигелдиев