Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы "Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі "Даулет" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс шараларын белгілеу туралы" № 5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 4 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылық Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас инспекторының 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 15-2/568 ұсынысы негізінде Құдықсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 5 "Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі "Даулет" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4663 санымен тіркелген, аудандық "Хромтау" газетінде 2015 жылдың 19 қарашада № 46 санда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды әкім аппаратының бас маманы Баймешов А.М. жүктеймін.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Құдықсай ауылдық округінің әкімі Н.С.Ізтлеуов