Шектеу іс-шараларын алу туралы

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 117 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 8 тамыздағы № ВО 3-4/120 санды ұсынысына сәйкес, Ойыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылдық округіндегі "Береке" шаруа қожалығы аумағындағы ұсақ малдары арасында бруцеллез ауыруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитарлық іс – шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.
      2. Ойыл ауданы, Ойыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 135 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4672 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 желтоқсанда "Ойыл" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      Ойыл ауылдық округі әкімінің м.а: Т. Сенгалиев