Байғанин ауданы әкімінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 20 шешімінің күшін жою туралы

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33, 37 баптарына сәйкес, Байғанин ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Байғанин ауданы әкімінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 20 "2016 жылы әскерге шақыру учаскесіне тiркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" шешімінің (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4662 болып тiркелген, аудандық "Жем Сағыз" газетінде 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 3 (7317) санында және 2016 жылғы 15 қаңтарда "Әділет" АҚЖ-де ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж. Абитовке жүктелсін.
      М. Аққағазов