Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 008 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 21-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Байғанин ауданық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Байғанин аудандық әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 12 қарашадағы № 258 "Байғанин ауданының жергiлiктi атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн жыл сайынғы бағалау әдiстемесiн бекiту туралы" қаулысының (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4610 болып тiркелген, 2015 жылдың 11 желтоқсанында аудандық "Жем Сағыз " газетiнде және 2015 жылдың 11 желтоқсанында "Әдiлет" АҚЖ-де жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы Ж.Абитовке жүктелсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған кезiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімі М.Аққағазов