Алға аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 маусымдағы № 32 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27, 63 баптарына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алға аудандық мәслихатының төмендегідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 19 ақпандағы № 136 "Алға аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3826 тіркелген, 2014 жылғы 8 сәуірде аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған);
      2) Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 12 ақпандағы № 261 "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4790 тіркелген, 2016 жылғы 14 сәуірде аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған).
      2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      А.Нұрғалиев Б.Жұмабаев