Әйтеке би аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 тамыздағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" № 174 шешімінің күшін жою туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 290 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Әйтеке би аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 тамыздағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" № 174 шешімінің (2014 жылғы 26 тамызда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4006 болып тіркелген, 2014 жылғы 04 қыркүйекте № 35-36 "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      Аудандық маслихаттың Аудандық маслихаттын сессия
      төрағасы: хатшысы:
       Ж.Қамбаров      А.Ермағамбет