Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 398 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ақтөбе облысы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 413 "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысының 3-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4623 тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған);
      2) 2016 жылғы 16 наурыздағы № 100 "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 413 қаулысына толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4840 тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде "Ақтөбе" және 2016 жылғы 13 сәуірде "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).
      Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев