"Бурабай ауданы Бурабай кентінің Интернациональная көшесі № 53 үйінде ет қоректі жануарлардың құтыру ауруына шектеу шараларын қою туралы" Бурабай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № а-10/520 қаулысын күшін жоғалтты деп тану туралы

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № а-4/139 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Бурабай ауданы Бурабай кентінің Интернациональная көшесі № 53 үйінде ет қоректі жануарлардың құтыру ауруына шектеу шараларын қою туралы" Бурабай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № а-10/520 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-169 болып тіркелген, 2010 жылғы 21 қаңтардағы "Луч" және "Бурабай" газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы С. Бейсимбаев