Сандықтау ауданы әкімдігінің "Сандықтау ауданы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындау, ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және о

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № А-4/87 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сандықтау ауданы әкімдігінің "Сандықтау ауданы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындау, ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және олардың қаржыландыру көздерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 5223 нөмірімен тіркелген, "Сандықтау вести" газетінде 2016 жылдың 29 қаңтары жарияланған") 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № А-11/256 қаулысы күшін жойған деп танылсын.
      2. "Сандықтау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Сандықтау ауданының әкімі А. Исмағамбетов