Сандықтау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № А-9/302 "Сандықтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № А-4/86 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сандықтау ауданы әкімдігінің "Сандықтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № А-9/302 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3844 тіркелген, "Сандыктауские вести" газетінде 2013 жылдың 8 қарашасында жарияланған) қаулысы күшін жойған деп танылсын.
      2. "Сандықтау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Сандықтау ауданының әкімі А.Исмағамбетов